Орнату пакетін жасау

Орнату пакетін жасау үшін:

  1. Қажетті Басқару серверіне қосыңыз.
  2. Қашықтан орнату қалтасындағы консоль шежіресінен Орнату пакеттері салынған қалтасын таңдаңыз.
  3. Орнату пакетін жасау процесін келесі тәсілдердің бірімен іске қосыңыз:
    • Орнату пакеттері қалтасының мәнмәтіндік мәзірінде Жасау → Орнату пакеті тармағын таңдаңыз.
    • Орнату пакеттері тізімінің мәнмәтіндік мәзірінде Жасау → Орнату пакеті тармағын таңдаңыз.
    • Орнату пакеттерін тізімін басқару блогындағы Орнату пакетін жасау сілтемесі бойынша.

Нәтижесінде, орнату пакетін жасау шебері іске қосылады. Содан кейін, шебердің нұсқауларын орындаңыз.

"Лаборатория Касперского" бағдарламасы үшін орнату пакетін жасау барысында сізден осы бағдарламаға арналған Лицензиялық келісіммен және бағдарламаның Құпиялылық саясатымен танысу ұсынылуы мүмкін. Сіз бен "Лаборатория Касперского" арасында жасалатын Лицензиялық келісімді және Құпиялылық саясатын мұқият оқып шығыңыз. Лицензиялық келісім мен Құпиялылық саясатының барлық шарттарымен келіссеңіз, Мен келесіні толықтай оқып шығып, түсінгенімді растаймын және қабылдаймын бөліміндегі келесі параметрлерді таңдаңыз:

Бағдарламаны орнату келесі екі параметрді таңдағаннан кейін де жалғасады. Осыдан кейін, орнату пакетін жасау жалғасады. Лицензиялық келісім мен Құпиялылық саясаты файлына апаратын жол, орнату пакеті жасалатын бағдарлама дистрибутивінің құрамына кіретін kud немесе kpd кеңейтімі бар файлда белгіленеді.

Mac жүйесіне арналған Kaspersky Endpoint Security бағдарламасы үшін орнату пакетін жасау кезінде Лицензиялық келісім мен Құпиялылық саясаты тілін таңдауға болады.

"Лаборатория Касперского" бағдарламалар дерекқорынан бағдарламаға арналған орнату пакетін жасау кезінде осы бағдарламаны орнатуға қажетті жалпыжүйелік құрамдастарды (алғышарттарды) автоматты түрде орнатуды қоса аласыз. Орнату пакетін жасау шебері таңдалған бағдарлама үшін барлық мүмкін жалпыжүйелік құрамдастардың тізімін көрсетеді. Орнату пакеті патч (толық емес дистрибутив) үшін жасалған болса, онда патчты орналастыруға қажетті барлық құрамдастар жалпыжүйелік құрамдастар тізіміне, толық дистрибутиві бар нұсқаға дейін енгізіледі. Кейінірек, бұл тізіммен орнату пакетінің сипаттарында таныса аласыз.

Басқарылатын бағдарламаларды жаңарту үшін Kaspersky Security Center бағдарламасының белгілі бір ықшам нұсқасын орнату қажет болуы мүмкін. Бұл нұсқа сіздің қазіргі нұсқаңыздан да соңғы болса, бұл жаңартулар көрсетілсе де, оларды мақұлдау мүмкін емес. Сондай-ақ, Kaspersky Security Center жаңартпайынша, осындай жаңартулардан орнату пакеттерін жасау мүмкін емес. Сізге Kaspersky Security Center данасын қажетті ықшам нұсқаға дейін жаңарту ұсынылады.

Шебердің жұмысы аяқталғаннан кейін, жасалған орнату пакеті Консоль ағашындагі Орнату пакеттері қалтасының жұмыс аймағында көрсетіледі.

Желілік агентті қашықтан орнатуға арналған орнату пакетін қолмен жасаудың қажеті жоқ. Ол Kaspersky Security Center бағдарламасын орнатқан кезде автоматты түрде қалыптасады және Орнату пакеттері қалтасында орналасады. Желілік агентті қашықтан орнатуға арналған пакет жойылған болса, оны сипаттамасы бар файл ретінде қайта қалыптастыру үшін Kaspersky Security Center дистрибутивінің NetAgent қалтасында орналасқан nagent.kud файлын таңдау керек.

Орнату пакеттерінің параметрлерінде артықшылықты есептік жазбалардың деректерін көрсетпеңіз.

Басқару серверінің орнату пакетін сипаттамасы бар файл ретінде жасаған кезде Kaspersky Security Center дистрибутивінің түбірлік қалтасында орналасқан sc.kud файлын таңдау керек.

Сондай-ақ, қараңыз:

Негізгі орнату сценарийі

Басына оралу